"Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчының онлайн-көрсетіліміндегі ақаудың себебі аталды

Сурет: Instagram/f.c.kairat
"Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчына билет ала алмаған қазақстандықтар 2025 жылғы 30 қыркүйекте теледидар арқылы және онлайн тамашалаған еді. Бүгін, 1 қазан күні, әлеуметтік желілерде онлайн-көрсетілімнің үзілуіне қатысты шағымдар пайда болды. Zakon.kz тілшісі ақаудың себебін анықтап көрді.

Бұл жөнінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті:

"2025 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 21:30-да "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының онлайн-көрсетілімі кезінде ТРК "Қазақстан" платформасында пайдаланушылар санының тым көп болуына байланысты ақау орын алды. Qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, сондай-ақ BeeTV және TV+ қосымшалары уақытша қолжетімсіз болды", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, министрлік эфирлік, спутниктік және кабельдік көрсетілімдер қалыпты режимде жалғасқанын атап өтті.

"Онлайн-платформаның істен шығуы "Қазтелерадио" мен байланыс операторларының байланысты сервистерін де шамадан тыс жүктеп жіберді. ТРК платформасындағы қосылымдар саны есептік шектен асып, 500 мың қолданушыдан көп болды. Қазіргі таңда ТРК "Қазақстан" серверлік қуаттылықты кеңейтіп, сервистердің тұрақты жұмысын қалпына келтіру үстінде", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Қайраттың" қақпашысы халық арасында "қаһарман" атанғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады