Элизабет Тұрсынбаева мен Этери Тутберидзе бірнеше жылдан кейін қайта кездесті

Сурет: Instagram/elizabetkz
Жақында Алматы қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен оның бұрынғы жаттықтырушысы Этери Тутберидзе бірнеше жылдық үзілістен кейін қайта жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Элизабет бұл әсерлі сәттің суреттерін 5 қазан күні өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Сурет: Instagram/elizabetkz

25 жастағы спортшы қыз көпшілікке 2019 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатында еркін бағдарламада төрттік сальховты орындаған тарихтағы алғашқы әйел ретінде таныс. Сол жылы Элизабет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

Элизабет Қазақстан атынан өнер көрсетіп, спорттық мансабында әр кезеңде Этери Тутберидзенің тобында жаттыққан.

Сурет: Instagram/elizabetkz

Желі қолданушылары: "Бұл құшақтасу артық сөзсіз-ақ олардың бір-бірінің өмірінде қандай орын алғанын көрсетіп тұр" – деп пікір білдірді.

Дәл осы Этери Тутберидзенің басшылығымен Элизабет төрттік сальховты орындап, өз мансабындағы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген болатын. Алайда, жарақаттарына байланысты ол спорттық мансабын ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Сурет: Instagram/elizabetkz

2022 жылдың ақпан айында Элизабет Instagram парақшасында ресми түрде спорттан кеткенін жариялады. Ол өз командасына, соның ішінде Этери Тутберидзеге алғыс айтып, бұл шешімді ұзақ ойланғаннан кейін және дәрігерлермен кеңесіп қабылдағанын жазды.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Денис Тен мемориалында жеңіске жеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты