Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші күміс медалін иеленді

Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлет Виктория Мельникова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына екінші күміс жүлдені сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 1500 метрге жүгіруден финалдық жарыста сәтті өнер көрсетті.

Мельникова қашықтықты 4:51.61 уақытта жүгіріп өтті.

Алтын медальді Өзбекстан өкілі Назима Рахимжонова (4:51.20) жеңіп алды, ал Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани (4:52.32) қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық Агата Красаева жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Рамазан Айнегов (триатлон) күміс, ал Глеб Клепинин (жеңіл атлетика) мен Әлиям Әзізова (пенчак силат) қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы