Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бесінші орын алды

Сурет: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Снежана Кашкарова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде үшін бақ сынады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Қоссайыс қорытындысы бойынша Кашкарова 161 (70+81) келіні еңсеріп, бесінші орынды иеленді.

  1. Алтын медальді Қытай спортшысы Лань Синьи жеңіп алды: 170 (77+93) келі.
  2. Күміс жүлде Солтүстік Корея өкілі Джу Ген Кимге бұйырды: 168 (76+92) келі.
  3. Қола жүлдені Филиппин спортшысы Александра Диас иеленді: 162 (70+92) келі.

Бұған дейін Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медальға ие болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты