Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қос медаль иеленді

Сурет: ҚР ҰОК
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті: 152 келі.

Вьетнам спортшысы Дуи Нгуен жарыс жеңімпазы атанды. Ол 156 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия рекордын жаңартып, Азия ойындарының жаңа көрсеткішін тіркеді.

Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды: 155 келі.

Бұған дейін Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алған болатын. Ерсейіт үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, үздік мүмкіндігінде 123 келіні еңсерді. Осылайша күміс медаль алды.

Бірінші орынды Солтүстік Корея спортшысы Джин Мен Во иеленді - 124 келі. Ал қола жүлде Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Алмохаймедке бұйырды - 122 келі.

Айта кетсек, Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Снежана Кашкарова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бесінші орын алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі