Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Жапонияда өткен Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқа бағдарламада Софья уақытша екінші орынға орналасқан еді. Нәтижесінде ол өз орнын сақтап қалды.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 132,25 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті.

Жалпы есепте 200 ұпай жинаған Самоделкина турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Ол тек жапониялық Каори Сакамотоға (227,18 ұпай) ғана жол берді. Үшінші орын Бельгия спортшысы Луна Хендрикске бұйырды - 198,97 ұпай.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі