Исламиада-2025: қазақстандық зілтемірші әлем рекордшысын жеңіп, алтын медальға ие болды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

94 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрғиса жұлқа көтеруде бірінші орынға ие болды.

Ол бұл сайыста әлем рекордшысы (182 келі) әрі биыл өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері ирандық Алиреза Моейнимен алтын үшін таласты.

Нұрғиса үздік мүмкіндігінде 175 келіні көтеріп, топ жарды. Ал Моейни 171 келімен екінші орын алды. Түркиялық Хакан Курназ (165 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы бұдан бөлек серпе көтеру мен қоссайыстың жалпы есебінде де жүлде үшін сынға түседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті