Бокстан Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Даниал Сапарбай мен Диана Мағауияева Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен шаршы алаңда Даниял 90 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін жұдырықтасты.

Ол үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық боксшы Нарендерді жеңді. Осылайша Сапарбай жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ отандасымыз Диана Мағауияева Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды. Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Сурет: olympic.kz

Диана жартылай финалда Польша өкілі Агата Кацмарскамен қолғап түйістірді. Польшалық боксшы басымдық танытып, жеңіске жетті.

Бұған дейін Үндістандағы Әлем кубогы кезеңінде қос боксшымыз қола медаль еншілегені белгілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы