Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді

Сурет: Instagram/LenaRybakina
Қазақстандық теннисші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бангалор қаласында (Үндістан) өтетін Әлемдік теннис лигасында (WTL) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

India Today сайтының мәліметінше, Әлемдік теннис лигасы (WTL) биыл Үндістанның Бангалор қаласында 17-20 желтоқсан аралығында өтеді.

Оған Уимблдон чемпионы Елена Рыбакинадан бөлек, ресейлік Даниил Медведев, аустралиялық Ник Кирьос, испаниялық Паула Бадоса, франциялықтар Гаэль Монфис пен Артюр Фис, Польша өкілі Магда Линетт, украиналық Марта Костюк және үндістандықтар Рохан Бопанна мен Сумит Нагал қатысады.

Елена Рыбакина осы турнирдің екі дүркін чемпионы екенін айта кетелік. 2002 жылы ол Қаршыға командасының намысын қорғады, ал өткен жылы Қыран командасы сапында ешкімді өзіне шақ келтірмеді.

8 қарашада Рыбакина Арина Соболенконы жеңіп, өз мансабында алғаш рет жылдың Қорытынды турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы