Ислам ойындары: Қазақстан қоржынында - тағы үш күміс медаль

Сурет: ҚР ҰОК
Ислам ынтымақтастығы ойындарында бүгін, 21 қарашада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш күміс медальмен толықты. Қазақстан спортшылары джиу-джитсудан, гандболдан және еркін күрестен ерекшелене білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрымды балуан Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды. Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ол финалда Асма Альхосанимен (БАӘ) кездесті. Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша БАӘ өкілі жеңіске жетсе, Жібек жарысты екінші орынмен аяқтады.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) гандболдан әйелдер арасында финалдық бәсеке өтті.

Сурет: ҚР ҰОК

Шешуші матчта Қазақстан Түркия құрамасына 34:31 есебімен жол беріп алды. Осылайша Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты. Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Сурет: ҚР ҰОК

Ризабек ақтық сында ирандық Амир Али Азарпирамен күресті. Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті