Сәтпаев Астанада өтетін "Олимпиакосқа" қарсы ойында алаңға шықпайды

Сурет: Telegram/FC Kairat Almaty
"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев алдағы Астанада өтетін "Олимпиакосқа" қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky Sport басылымының жазуынша, бұған себеп Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турларда жиналған сары қағаздар санының тым көп болуы.

Спортшы 26 қараша күні "Копенгагенге" қарсы ойынның 90+3 минутында ескерту алған болатын. Бұл оның Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші сары карточкасы болды.

Осыған байланысты футболшы 9 желтоқсанда Астанада өтетін "Олимпиакос - Қайрат" матчына қатыспайды. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, бұл уақытта ол ем қабылдауға барып, қалған екі матчқа толыққанды дайындалмақ.

Өткен ойында Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан футболшылардың қатарында үшінші орынға шықты. "Қайраттың" жұлдызды ойыншысы Еуропаның басты клубтық турнирінің тарихына есімін мәңгілікке жазды.

Еске салсақ, 26 қараша күні алматылық "Қайрат" даттық "Копенгагенмен" ойын өткізіп, 2:3 есебімен, аз ғана айырмашылықпен есе жіберген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған