Алғаш рет қазақ теннисшісі Майами турнирінің жартылай финалына шықты

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Майами қаласында (АҚШ) 14 жасқа дейінгілер арасында аса беделді Eddie Herr турнирінің жартылай финалына шыққан теннисшілер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі және Team Kazakhstan академиясының мүшесі Ахмади Мақанов қазақстандық жасөспірімдер арасында алғаш рет осы доданың жартылай финалына өтті.

Қазақстандық теннисші ширек финалда жарыстың 4-ракеткасы, қытайлық Ванг Бошиді 6:2, 7:6 (13:11) есебімен тізе бүктірді.

Ахмади Мақанов финалға шығу үшін венесуэлалық Мехис Игнасиомен таласады.

Басқа қазақстандық теннисшілер де жақсы нәтиже көрсетті. Іріктеу сайыстарынан бастаған Айым Қанағатова үшінші айналымға дейін жетті. Аңсар Ниетқалиев ширек финалда тартысты матчта қарсыласына жол берді.

Eddie Herr турнирі жыл сайын қарашаның соңы мен желтоқсанның басында өткізіледі. Жарыс 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгілер арасында жекелей, жұптық және аралас сында өтеді. Бәсекелер Ник Боллетьери теннис академиясының корттарында он күнге дейін созылады.

Бұл додада мың жарымдай жас теннисші бақ сынайды. Кезінде мұнда Роджер Федерер, Мария Шарапова, Энди Роддик, Давид Налбандян, Анна Курникова, Марди Фиш, Ксавьере Маллис, Марсело Риос, Елена Янкович және Ана Иванович сияқты атышулы теннисшілер өнер көрсеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі