Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалында алтыншы орын алды

Сурет: olympic.kz
Нагояда (Жапония) мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Гран-при финалының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш додада АҚШ спортшысы Илья Малинин топ жарды. Ол еркін бағдарламада бірден жеті төрттік секіруді орындап, жалпы есепте 332,29 ұпай жинады.

Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (302,41) ие болды. Үздік үштікті тағы бір Жапония спортшысы - Шун Сато (292,08) түйіндеді.

Қазақстандық Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 170,89 ұпай жинады. Жалпы есепте 242,19 ұпай еншілеп, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі