2028 жылғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте өтеді.
"Биыл Джакартадағы әлем чемпионатына баруды жоспарламадым. Төрт снарядтың бәріне жаңа бағдарлама дайындау үшін үзіліс алғым келді. Қазір тек жаттығуға көңіл бөлгім келеді, жарыстарға алаңдағым келмейді. 2027–2028 жылдары тыныш дайындалып, Олимпиадаға іріктеуден өтуді мақсат етіп отырмын", – деп жазды Чусовитинаның сөзін ТАСС басылымы.
Чусовитина – тарихтағы сегіз Олимпиадаға қатысқан жалғыз гимнаст (1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020).
Ол 1992 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ ол үш дүркін әлем чемпионы, Еуропа және Азия ойындарының жеңімпазы. Спорттық мансабында ол КСРО, Германия және Өзбекстан құрамалары атынан өнер көрсеткен.
Бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының Хорватиядағы турнирде үшінші орын алғанын жазғанбыз.