Алматылық "Қайрат" әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді

Сурет: "Қайрат" ФК
Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS) 2025 жылға арналған әлемдегі үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізімде Қазақстаннан жалғыз өкіл ретінде алматылық "Қайрат" клубы бар. Ол 90,75 ұпаймен 240-орынға тұрақтады.

IFFHS рейтингі командалардың кейінгі 12 айдағы ұлттық чемпионаттарда, кубоктық жарыстарда және халықаралық турнирлердегі нәтижелерін ескере отырып жасалады.

Рейтингке Еуропа, Латын Америкасы, Азия және Африка елдерінің жетекші клубтары енгізілген. Ал "Қайрат" Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядан енген санаулы клубтардың бірі болды.

Жаңартылған рейтингте бірінші орынды Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы иеленсе, екінші орынға Испанияның "Реал Мадриді" жайғасты. Үздік үштікті Англияның "Челси" командасы түйіндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған