Сарапшының айтуынша, Рыбакина өзін драфтта бірінші нөмірмен таңдалған ойыншыдай сезіндіреді.
"Бұл драфтта бірінші болып Рыбакина таңдалғандай әсер қалдырады, ал қалғандары кім? Арина Соболенконы, Ига Швёнтекті, Кори Гауффты қарайсыз да, менің ойымша, дәл сол деңгейдегі ойыншы — Рыбакина екенін түсінесіз. Ол жылды өте мықты аяқтады. Ойыны тұрақталып қалғандай көрінеді. Келесі жылы "мэйджор" турнирін жеңе алады деп ойлаймын, еш күмәнім жоқ. Қабілеті жағынан ол ең жоғарғы деңгейде тұр, ә рі бұл оған жеңіл беріліп жүргендей. Мен оның ойынына таңданбай тұра алмаймын. Енді 2026 жылдың не әкелетінін көрейік", — деді Роддик Served with Andy Roddick подкастында.
2025 жылғы маусым Елена Рыбакина үшін кәсіби мансабындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды.
Қазақстандық теннисші WTA-500 санатындағы екі турнирде жеңіске жетіп, Страсбург пен Нинбода чемпион атанды. Ал жылдың басты жетістігі - Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде алғаш рет чемпиондық титулды жеңіп алуы болды.
Бұған дейін Юлия Путинцеваның Австралиядағы WTA-500 турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болғанын жазғанбыз.