Биатлоннан Чехиядағы Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың ерлер арасында өткен жекелей сайыстағы нәтижесі

Сурет: olympic.kz
Нове-Место (Чехия) қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы жарыс күні аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан үш спортшы бақ сынады.

Владислав Киреев 37-орынға тұрақтаса, Әсет Дүйсенов 70-орынға жайғасты. Ал Александр Мухин 75-орында мәреге жетті.

Франциялық Эрик Перро жеңімпаз атанды. Оның отандасы Эмильен Жаклен екінші болып келсе, үздік үштікті Италия өкілі Лукас Хофер түйіндеді.

Бүгін, 23 қаңтарда, әйелдер арасындағы жеке жарыс өтеді. Қазақстан құрамасынан Айша Ракишева, Милана Генева және Дарья Климина жарыс жолына шығады.

Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды