Алекс де Минор Бубликті 1,5 сағатта ойсырата жеңді

Сурет: ktf.kz
Australian Open-2026 турнирінің сегізінші ойын күні Қазақстан құрамасының ойыншылары үшін сәтсіз өтті. Жанкүйерлер жекелей сынның төртінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтен тағы бір сенсацияны күтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда ерлер құрамасының көшбасшысы корт иесі — Алекс де Минорға қарсы матчта өз ойынымен жанкүйерлердің көңілін қалдырды.

Әлемнің алтыншы ракеткасы Алекс де Минор отандасымызды 1 сағат 32 минуттың ішінде үш сетте айқын басымдықпен жеңді — 6:4, 6:1, 6:1.

Осылайша, қазіргі сәтте Елена Рыбакинадан басқа Australian Open-2026 турнирінің жекелей сынында Қазақстан теннисінің өкілі қалмады.

25 қаңтарға қараған түні 18 жастағы америкалық Ива Йович Юлия Путинцеваны ойсырата жеңді — 6:0, 6:1. Бұған дейін Зарина Дияс, Александр Шевченко және Дмитрий Попко да өз матчтарында жеңіліс тапқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі