Килиан Мбаппе Еуропадағы ең мықты шабуылшы деп танылды

Сурет: Instagram/ReaLmadrid
Мадрид "Реалының" шабуылшысы Килиан Мбаппе осы маусымның жетекші еуропалық чемпионаттарының ойыншылары арасында гол соғу жағдайларын туындату жағынан көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Корольдік клубтың бас мергені маусым басталғаннан бері 50 гол соғу сәтін туындатып, осы көрсеткіші бойынша Еуропаның ТОП- 5 лигасының көшбасында  тұр.

Осы рейтингтің жүлделі үштігін Мбаппемен қатар "Аталантаның" жартылай қорғаушысы Шарль де Кетеларе (44) және "Баварияның" сұрмергені Майкл Олисе (43) құрайды.

Одан соң 42 гол соғу сәтін тудыру рейтингісінде Ламин Ямал ("Барселона") және Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") тұр.

Бұл тізімдегі екі ойыншы 1,5 ай бұрын әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде бірінші орында болғанын атай кеткен жөн.

Мбаппе мен Ямалдың нарықтағы құны қазір 200 миллион евро болады.

Бұған дейін Мбаппе "Реалға" жеңіс сыйлап, өз жетістігін Роналдудың стилінде атап өткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы