Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Закопане қаласында (Польша) өтіп жатқан Orlen Cup халықаралық турнирінде үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтын медальді Сергей Ткаченко иеленді. Қазақстандық спортшы ересектер арасында өткен жарыста топ жарды.

Даниил Калинкин U21 санатында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ Артем Мешков 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін жасөспірімдер санатында Керейхан Қабдулла бірінші орынға, ал Александр Филоненко үшінші орынға ие болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Министрліктер мен мемлекеттік органдардың МКК органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілді