Экс-ресейлік теннисші Мадридтегі турнирде Рыбакинаны қалай жеңгенін айтып берді

Сурет: ktf.kz
Испанияның Мадрид қаласында өткен әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күтпеген жерден жеңіліс тапты. Әлемнің екінші ракеткасы саналатын Рыбакинаны бұрын Ресей атынан ойнаған, қазір Австрия намысын қорғайтын Анастасия Потапова жеңді.

Әлемдік рейтингте 56-орында тұрған Потапова матч кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын айтып өтті.

"Саусақтарымды сындырып ала жаздадым, тіземнен қан кетті. Бірақ ондай сәтте бәрін ойланбай, тек рефлекспен әрекет етесің. Не істеп жатқаныңды ойламайсың, тек ойнай бересің. Дене өзі қозғалады, ми мүлде "өшіп" қалады. Бір жақсысы, ойлануға уақытым да болмады, тек ойынды жалғастыра бердім", – деді Анастасия Потапова.

25 жастағы теннисші бұл турнирдегі ең үлкен сенсациялардың бірін жасады. Ол 1/8 финалда басты фавориттердің бірі саналатын Рыбакинаны 7:6 (10:8), 6:4 есебімен жеңді.

Енді Анастасия Потапова жартылай финалға шығуы мүмкін. Ол үшін 29 сәуір күні келесі кезеңде Чехия спортшысы Каролина Плишкованы жеңуі керек.

Бұған дейін Елена Рыбакина Штутгартта чемпион атанып, Porsche көлігін иеленгенін жазғанбыз.

Қызықты
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды