"Арсенал" 20 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты

Сурет: Х/Arsenal
Лондонда өз алаңында ойнаған "Арсенал" құрамасы "Атлетиконы" жеңіп, 20 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 мамырға қараған түні өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 45-минутта Букайо Сака соқты.

Бұған дейін лондондық клуб Чемпиондар лигасының финалына бір рет қана шыққан. 2006 жылы "Барселонадан" 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

2026 жылғы финалда "Арсенал" құрамасы "ПСЖ" немесе "Бавариямен" кездеседі. Бұл екі команда жауапты ойынды 6 мамыр күні Мюнхенде өткізеді.

Чемпиондар лигасының финалы 2026 жылдың 30 мамырында Будапешт қаласындағы "Ференц Пушкаш" стадионында өтеді.

Бұған дейін Мбаппе мен Куртуа Барселонаға қарсы матчта "Реалға" көмекке келуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған

Қазақстанда электромобильдерге бөлек мемлекеттік нөмірлер беріледі