Жеңіл атлет Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды

Жеңіл атлет Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 22:04 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында диск лақтыру сайысында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр. Осы нәтижемен ол жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Мысыр өкілі Яхья Саваби дискіні 68,23 метрге лақтырып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ямайка спортшысы Камари Кеннеди (66,31 метр) иеленсе, үздік үштікті чилилік Витторио Горзилья (56,00 метр) түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: