"Биыл бар күш-жігерімді салып, дайындалып, алтын медаль алғым келді. Бірақ, өкінішке қарай, бұйырмады.
Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрі қарай еңбектеніп, алтын аламын деген үміт бар.
Жартылай финалда даңқты балуанмен кездестім. Бірақ, барша қазақ елі қолдау көрсеткеннен кейін, қатты мән бермедім. Финалға шығу үшін тактикалық тұрғыда жан-жақты дайындалдық.
Финалда қарсыласымның сол қолының жеңінен ұстауым керек еді. Сол тұста қателік жіберіп, жеңіліп қалдым. Енді оқу-жаттығу жиындарында белдесудің бейнежазбасын қайта қарап, саралап, кемшіліктермен жұмыс істейміз. Ұтамыз деген үміттемін.
Алда қай жарыста белдесетінімді бапкерлер штабы шешеді", – деді дзюдошы.
Айта кетейік, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) 2025 жылы елордада өткен Grand Slam турнирінде де күміс алған еді.
Жарыс күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама еншісінде екі медаль бар. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов қола медаль иеленген еді.