Рыбакина Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, онда әлемдік рейтингте 47-орында тұрған грек теннисшісі Мария Саккаримен кездесті.

Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте — 6:4, 6:1 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші айналымына шықты.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы Рим турнирінің чемпионы атанған болатын. Ал биылғы жарыста да қазақстандық теннисші басты фавориттердің бірі саналады. Ол турнирде екінші нөмірмен тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (АТР рейтингінде 11-орын) Римде өтіп жатқан ATP Masters 1000 сериясының турнирін сәтті бастағанын хабарлаған едік.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Соболенко Рыбакина қатысатын турнирге қатыспайды