Астанадағы Grand Slam турнирі: Аңсарбек Ғайнуллин қола медаль еншіледі

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Ғайнуллин молдовалық Влад Митрудан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар.

Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болса, Шерзод Давлатов қола медаль алған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады