Қазақстандық садақшылар Словениядағы Veronica’s Cup турнирінде өнер көрсетуді бастады

Сурет: olympic.kz
Словенияның Камник қаласында садақ атудан дәстүрлі Veronica’s Cup халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жарыста сегіз қазақстандық спортшы өнер көрсетуде.

Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Самира Жұмағұлова.

Блоктық садақ ату: Виктория Лян, Әдель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Мұса Ділмұхамет.

Турнир аясында іріктеу кезеңі өтіп, енді қазақстандық мергендер плей-офф сатысында бақ сынайды.

Айта кетейік, Veronica’s Cup турнирі 31 мамырда аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген Перудің әйгілі әншісі Ева Айльонмен кездесті

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 29 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ студенттерді зорлық-зомбылық пен бопсалау фактілерін жасырмауға үндеді

Рыбакина қазақтың қай тағамын ерекше жақсы көретінін айтты

29 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады