Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы бокстан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшылары Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің үшінші жарыс күнінде бір жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Абылайхан Жүсіпов бразилиялық Кайанос Рейспен қолғап түйістірді. Кездесу қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Төрешілер жеңісті екіге жарылған шешіммен (4:1) Жүсіповке берді.

Өз кезегінде Серік Теміржанов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) турнирдегі өнерлерін аяқтады.

Теміржанов АҚШ өкілі Салим Эллис Бейге есе жіберді. Ал Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевтен (Өзбекстан) жеңіліс тапты.

Бұған дейін спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына Милад Каримидың неге қатыспайтыны белгілі болғаны хабарланған.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

"Челси" Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі