Өзбекстан президенті ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынына баға берді

Сурет: instagram/mirziyoyev_sh
18 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ұлттық құраманың 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы Колумбияға қарсы алғашқы ойынына қатысты пікір білдірді. Кездесу 1:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бейнеүндеу жасап, елдің патриот әрі жанқияр жастарын мақтан тұтатынын айтып, футболшыларды қазіргі Өзбекстанның нағыз батырлары деп атады.

"Бұл – тарихи күн. Өте тартысты ойында біздің футболшылар әлем чемпионатында алғаш рет тәжірибелі қарсыласқа қарсы өздерінің мықты мінезін көрсетті. Бұл оңай болған жоқ. Араға 34 жыл салып, бәріміз күткен оқиға жүзеге асты. Сондықтан олардың мықты мінезін, тамаша дене дайындығы мен ерік-жігерін лайықты бағалауымыз керек. Әлем чемпионатындағы алғашқы голымыздың өзі – жеңіс. Алда бізді әлі де талай мүмкіндік күтіп тұр. Менің балаларым, менің батырларым әлі де көп нәрсеге қабілетті екенін дәлелдеді. Сондықтан оларға тек сәттілік тілеймін. Алға, Өзбекстан!", – деді Шавкат Мирзиеев.

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голдың авторы – Түркияның "Истанбул Башакшехир" клубында өнер көрсететін 22 жастағы вингер Аббосбек Файзуллаев.

Өз кезегінде өзбек құрамасының италиялық бас бапкері Фабио Каннаваро да шәкірттерінің ойынына жоғары баға беріп, оларды мақтан тұтатынын айтты.

Өзбекстан құрамасы келесі кездесуін 23 маусымда Португалияға қарсы өткізеді. Португалиялықтар алғашқы матчта Конго Демократиялық Республикасымен күтпеген жерден тең түсіп, енді ұпай жоғалтпауға тырысады.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысына су беру туралы келісімге келді

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды