Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілер қатысатын финалдық кезеңнің кестесі жарияланды

Сурет: ktf.kz
Билли Джин Кинг кубогының ұйымдастыру комитеті 22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін турнирдің финалдық кезеңінің толық кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалдық кезең Чехия мен Ұлыбритания құрамалары арасындағы матчпен басталады. Кездесуі 22 қыркүйекте өтеді.

Қазақстан мен Испания құрамалары арасындағы ширек финалдық матч 23 қыркүйекке жоспарланған. Ал 24 қыркүйекте Украина мен Бельгия, сондай-ақ Қытай мен Италия құрамалары өзара кездеседі.

Финалдық кезеңнің толық кестесі

22 қыркүйек

Чехия – Ұлыбритания (1-ширек финал)

23 қыркүйек

Испания – Қазақстан (2-ширек финал)

24 қыркүйек

Украина – Бельгия (3-ширек финал)

Қытай – Италия (4-ширек финал)

25 қыркүйек

1-жартылай финал: 1-ширек финал жеңімпазы – 2-ширек финал жеңімпазы

26 қыркүйек

2-жартылай финал: 3-ширек финал жеңімпазы – 4-ширек финал жеңімпазы

27 қыркүйек

Финал

Әрбір жұп үш матчтан тұрады: екі жекелей кездесу және бір жұптық матч. Барлық ойындар екі сетте жеңіске жеткенге дейін ойналады, әр сетте тай-брейк қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі