Қазақстандық шпагашы Руслан Құрбанов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының көшбасшы шпагашыларының бірі Руслан Құрбанов Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Бұл кезеңде ол Тайбэй өкілі Жан Лимен кездесіп, финал жолдамасы үшін өткен бәсекеде 12:15 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша Руслан Курбанов құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жарыс барысында Курбанов ирандық Али Намазиді, сингапурлық Си То Цзяньтунды, қырғызстандық Илим Бакытбек Уулуды және қытайлық Юйхань Сюйді жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де жоғары нәтиже көрсетті. Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Ерлік Сертай тоғызыншы орыннан көрінді. Ал Никита Жулинский жарысты 24-орынмен аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады