Назым Қызайбай Қытайдағы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы Италия өкілі Сирин Чараабимен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысында Назым Қызайбай қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің чемпионы атанды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – әлемнің үш дүркін чемпионы. Ол бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі