Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жүсіпов Үндістан өкілі Дипакты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшеуге жетті. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) мен Виктория Графеева (60 келіге дейін) финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) әлем кубогы кезеңін қола жүлдемен аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы