Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық теннисші бұл жарыста өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.
Бубликпен бірге топырақ төсенішіндегі турнирге Каспер Рууд, Валентен Вашеро, Артюр Риндеркнеш, Маттео Берреттини және Стефанос Циципас өнер көрсетеді.
Қазіргі таңда Гштаадтағы ATP 250 санатындағы топырақ кортындағы турнирдің чемпионы – Александр Бублик. Ол былтыр финалда аргентиналық Хуан Мануэль Серундоло теннисшісін 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын.
2026 жылғы EFG Swiss Open Gstaad турнирінің жалпы жүлде қоры – 612 620 еуро.