Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында екі күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос жүлде де жасөспірімдер санатында қоржынға түсті. Даниил Яковенко 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан күміс жүлдегер атанды. Финалда отандасымыз финляндиялық Уильям Эрик Вилкманнан жеңіліп қалды. Ал қола медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Чжэмин иеленді.

Екінші күміс жүлдені Қазақстан қоржынына Еңлік Асқар салды. Ол да 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан күміс медаль жеңіп алды. Финалда армениялық Аида Азатянға есе жіберсе, Украинаның өкілі Мирослава Шимко қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін осы әлем чемпионатында Фатима Ирназарова мен Валат Мусаев алтын медаль жеңіп алса, Зухра Ирназарова қола жүлдегер атанған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған