Тарихи медаль! Артем Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сурет: Ескек есу спорты түрлерінен ұлттық федерация
Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Ескек есу спорты түрлерінен ұлттық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Артем жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның финалында мәреге 3-ші болып жетіп, қола медаль иеленді.

Бұл бағдарлама жүлдегерлері:

1. Жоао Велосо (Португалия);

2. Ангелос Афанасиадис Каудис (Грекия);

3. Артем Матусевич (Қазақстан).

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл академиялық ескек есуден тарихи жүлде саналады. Осыған дейін біздің ескек есу шеберлері бұл жас санатындағы дүние жүзі додасында жүлде алмаған.

Еске салайық, Матусевич іріктеу кезеңі мен жартылай финалда да 2-орын алып, финалға шыққан. Ол былтыр Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ТОП-10 қатарынан көрінген атлет (9-орын).

Чемпионатқа Қазақстан командасы сапында бес спортшы аттанды. Барлығы Дуйсбург қаласындағы жарысқа 49 мемлекеттен 600-ден астам ескек есу шебері қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты