U17 әлем чемпионаты: қазақстандық қос балуан жартылай финалға шықты

Сурет: olympic.kz
Бүгін, 27 шілдеде, Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 жас санатында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас ширек финалда қырғызстандық Абдышукур Дурусалиевті жеңді. Енді отандасымыз 1/2 финалда армениялық Арарат Аветисянмен белдеседі.

Сондай-ақ Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Георгий Кеделидзені жеңді. Осылайша жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановпен күш сынасады.

Айта кетейік, жартылай финалдық бәсекелер бүгін өтеді.

Бұған дейін Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-шы нөмірде өнер көрсететіні белгілі болған еді.

Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған