Мбаппе Франция құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздігіне әлі де қапалы екенін айтты

Сурет: Facebook/kylianmbappeofficiel
Франция ұлттық құрамасының капитаны әрі команда тарихындағы ең үздік сұрмерген Килиан Мбаппе 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында ел құрамасын кезекті чемпиондыққа жеткізе алмағанына қатты өкінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 шілдеге қараған түні Франция құрамасы әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже Мбаппеге әлі күнге дейін ауыр тиіп жүргенін футболшы жасырмады.

27 шілдеде ол әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерге арнап көлемді жазба жариялады.

"Біз елге командалық кубокты алып келе алмадық. Бұл – өте ауыр. Мұны жасырып немесе басқаша көрсеткім келмейді. Бұл өкініш әлі біраз уақыт менімен бірге болады. Ұлттық құраманың тарихындағы ең үздік сұрмерген атанғанымды мақтан тұтамын. Бірақ бұл жетістік әлем чемпионатының кубогымен бірге болғанда әлдеқайда құнды болар еді. Біз сіздерге бұл оқиғаның басқа финалын сыйлауымыз керек еді", – деп жазды танымал футболшы.

Сондай-ақ Мбаппе Франция құрамасының жанкүйерлеріне, әріптестеріне, бапкерлер штабына және турнирді қабылдаған АҚШ тарабына алғыс айтты.

"Турнир барысында бізді қабылдап, қолдау көрсеткен АҚШ-тағы барша жанға рақмет. Футбол – ең алдымен ойын. Бірақ біз бұл ойынға бар өмірімізді арнап, оған үлкен жауапкершілікпен қараймыз және оны мүмкіндігінше мінсіз меңгеруге тырысамыз", – деді Мбаппе.

Футболшының жазбасына жанкүйерлер бірден пікір қалдырды. Олар капитанға қолдау білдіріп, оның ашық әрі шынайы сөздері көпшіліктің жүрегіне жеткенін айтты.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе 2018 жылы Франция құрамасымен әлем чемпионы атанса, 2022 жылғы әлем чемпионатында команда күміс жүлдеге ие болған еді. 2026 жылғы әлем біріншілігін француз құрамасы төртінші орынмен аяқтады.

Килиан Мбаппе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты