Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
29 шілдеде Қазақстан құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды. Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты.

Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Турнир барысында қазақстандықтар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.

Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын. Сондай-ақ Руслан Курбанов 2023 жылы жекелей сында қола жүлдегер атанған еді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған