FIFA 40 млн доллар ұсына отырып, Қазақстанға ультиматум қойды

Сурет: Instagram/Gianni_Infantino
FIFA президенті Джанни Инфантино Әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сату жайлы жобаны қолдаған жағдайда ұйымға мүше елдерге 40 млн доллардан үлестіруге дайын екенін айтты. Алайда ол бұл шешімді қабылдауға 53 күн уақыт беретінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times басылымының таратқан мәліметіне сүйенсек, FIFA басшысы бұл жобаны құптаса, құрамындағы 211 қауымдастықтың әрқайсысына қомақты қаржы төлеуге дайын. Қазақстан да УЕФА және ФИФА мүшесі ретінде осы 211 елдің қатарына кіреді. Дегенмен Инфантино ұсынған бұл "жомарттықтың" мерзімі шектеулі. Осылайша ұйым басшысы мундиал құқығының бір бөлігін сатудан түсетін түсімді мүше елдерге бөліп беру арқылы олардың қолдауына ие болғысы келеді.

"Бұл ұсынысты қабылдаймын немесе қабылдамаймын десеңіздер, толығымен өз еріктеріңізде. Егер қолдау білдірсеңіздер, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 миллиард долларлық инвестициялық пакет қолжетімді болады. Бұл біздің бірлескен дамуымыздың жаңа кезеңін айшықтайды. Ал егер кво-мәртебесін сақтап, ұсыныстан бас тартсаңыздар, біз бұған дейін мәлімдегендей, әлі де Forward бағдарламасын 2,7 миллиард доллармен кеңейтуге дайынбыз", - деді Джанни Инфантино.

FIFA басшысының бұл бастамасы футбол әлемінде үлкен дау тудырды. Еуропалық футбол қауымдастықтары аталған жобамен келіспей, жақын күндері шұғыл жиын өткізуді жоспарлап отыр. Тіпті мәселе оң шешілмесе, Әлем чемпионатына бойкот жариялау қаупі де бар.

Ұлыбритания саясаткерлері де бұл келісімді қатаң сынға алды:

"Ашығын айтайық, футбол инвесторлардың меншігі емес! Бұл ойын - апта сайын, кез келген ауа райында трибуналарды толтырып, алаң шетінде өз командасына жанұшыра қолдау білдіретін жанкүйерлердікі. Әлем чемпионаты - бұйым емес, ол әлемдік спорттағы ең ұлы жарыс. Ол сатуға болатындай ешкімнің жеке мүлкі болған емес. Бұл келісімді не деп бүркемелесеңіздер де мейлі, оның кішкентай бір бөлігін сатудың өзі - футболға жасалған сатқындық. Футбол жанкүйерлерге тиесілі. Бұрын да солай болған, болашақта да солай болып қала береді".

Бұған дейін Испанияда футбол мерекесі қайғылы жағдаймен аяқталғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды