Жібек Құламбаева W100 турнирінің жеңімпазы атанды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Канар аралдарындағы Маспаломас қаласында өткен World Tennis W100 санатындағы турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жібек жарыста чехиялық Анна Шишковамен жұп құрып өнер көрсетті. Қазақстандық-чехиялық дуэт турнирде екінші нөмірмен тіркелді. Финалда олар чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиса Заарға қарсы ойнады.

Кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Шишкова 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 54 минут өткізді.

Осылайша, Қазақстан мен Чехия өкілдерінен құралған жұп турнир жеңімпазы атанды. Жаңартылған рейтингте Жібек Құламбаева қосымша ұпай еншілеп, төрт сатыға жоғарылайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі