"Қайрат" құрамасы "Левски" командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды: Уразбахтин ойынға пікір білдірді

Фото: Zakon.kz
"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Болгарияның "Левски" командасымен өткен кездесуге пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раунды аясындағы алғашқы кездесуде алматылық клуб матчтың соңғы сәтінде гол жіберіп алып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. "Левски" сапындағы Сержиньо 92-минутта жеңіс голын соқты.

Сурет: Telegram/FC Kairat Almaty

"Әрине, матчтың соңғы минуттарында гол жіберіп алған өкінішті. Доп рикошеттен кейін қақпаға кірді. Бірақ енді қолдан келері жоқ. Алда қарымта матч бар. Өз алаңымызда бұдан да сапалы ойын көрсетіп, өзіміз үшін оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз", – деді Рафаэль Уразбахтин.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатының үзіндісін клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады. Жанкүйерлердің пікірінше, "сары-қараларға" кездесуді тең нәтижемен аяқтау үшін соңғы сәттерде сәл ғана жинақылық жетіспеген.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Левски" арасындағы қарымта кездесу 11 тамыз күні Түркістанда өтеді.

Бұған дейін жетекші футбол қауымдастықтары FIFA президентінің мерзімінен бұрын қызметтен кетуін талап етуде екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді