Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды

Сурет: Instagram/wimbledon
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 61-орында тұрған Аустралия өкілі Дарья Касаткинаны тартысты кездесуде жеңіп шықты.

Матч 2 сағат 35 минутқа созылды. Рыбакина қарсыласын үш сет қорытындысы бойынша 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Бұл екі теннисші арасындағы алтыншы кездесу.

Енді үшінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Энн Лимен кездеседі.

Матчтан кейін Елена Рыбакина ойын туралы пікірін білдірді.

"Бұл өте ауыр матч болды. Ұзақ үзілістен кейін Торонтоға қайта оралғаныма қуаныштымын. Өткен жылы әйелдер арасындағы турнир Монреальда өткен еді. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге алғыс айтамын. Бұл кортта тағы бір матч өткізетініме қуаныштымын. Демалуға аз ғана уақытым болды. Жаттығу барысында жақсы жұмыс атқардық, бірақ оның нәтижесі әзірге ойын барысында толық көрінбей жатыр. Дегенмен әр матч сайын ойыным жақсара түседі деп сенемін. Үзіліс маған пайдалы болды. Қайтадан хард жабындысында өнер көрсетіп жатқаныма қуаныштымын. Осындай қиын кездесуден кейін де турнирді жалғастыру мүмкіндігі туғанына ризамын. Келесі айналымда бұдан да сапалы ойын көрсетуге тырысамын", – деді Рыбакина.

Айта кетейік, Торонто қаласындағы WTA 1000 турнирі 2–13 тамыз аралығында өтіп жатыр. Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 7 433 076 АҚШ долларын (шамамен 3,5 млрд теңге) құрайды.

Бұған дейін Арина Соболенко WTA енгізген гендерлік тестілеуден өтуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

Электрондық құжаттарды пайдалану қағидалары жаңартылды

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді