Рыбакина WTA 1000 турнирлеріндегі нәтижесіне баға берді

Сурет: Instagram/lenarybakina
Әлемнің екінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы Елена Рыбакина биылғы WTA 1000 санатындағы беделді жарыстарда көрсеткен нәтижелеріне баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық теннисші жеңісті нәтижелерінің артында тынымсыз дайындық тұрғанын атап өтті. Дегенмен ол биылғы маусымның барлық кезеңі бірдей ойдағыдай болмағанын жасырмады.

"Өте тұрақты өнер көрсеттім деп айта алмаймын. Шөп төсенішіндегі нәтиже мен қалағандай болмады. Топырақ корттағы ірі турнирлерде де бәрі бірдей сәтті өрбіген жоқ. Дегенмен командамен бірге жақсы жұмыс істеп жатырмыз деп ойлаймын. Жарыстарға тыңғылықты дайындалдық. Біртіндеп нәтиже мен әр матч сайын ілгерілеу барын байқап жүрмін. Бұған өте қуаныштымын. Бұл одан әрі көп жұмыс істеуге және әр турнирде мүмкіндігінше алысқа баруға ынталандырады", – деді Елена Рыбакина.

Бұған дейін Рыбакинаның Наоми Осаканы жеңіп, Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққаны хабарланған еді.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды

Магистратура грантына кімдер таласа алады