Рыбакина – Осака кездесуі: Қазақстандық теннисші ойынға пікір білдірді

Сурет: Instagram/nbotoronto
12 тамызда таңертең қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінде жапониялық Наоми Осаканы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің екінші ракеткасы Рыбакинаның жанкүйерлері оның ұзақ әрі күтпеген жерден өрбитін матчтарына әлдеқашан үйреніп қалған. Теннисші бір ойында керемет ойын көрсетіп, келесі сәтте өзіне-өзі қиындық туғызатын күтпеген және қарапайым қателіктер жіберіп жатады.

Бұл жолы да тартысты кездесу Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Үшінші сетте қазақстандық теннисші 2:4 есебімен жеңіліп жатқан, алайда ол есепті теңестіріп, кейін қарсыласын басып озды. Қорытынды есеп – 4:6, 7:6 (7:5), 6:4.

Рыбакина жеңіске жету үшін 2 сағат 33 минут жұмсады. Ол матч барысында 15 эйс жасап, 6 рет қосарланған қателік жіберді.

"Соңына дейін күресуге тырыстым. Турда жүргеніме осынша жыл болса да, кейбір теннисшілермен әлі кездеспегенмін. Ол – чемпион әрі нағыз күрескер. Сондықтан матчтың қиын болатынын білдім. Бұған дейін бірнеше рет бірге жаттыққанбыз. Наоми өте ауыр соққылар жасайды және жақсы доп бере алады. Бүгін доп беру өте маңызды болды. Ақырында бәрі менің пайдама шешілгеніне қуаныштымын", – деді Елена Рыбакина.

Енді Рыбакинаның Торонто турнирінің жартылай финалындағы келесі қарсыласы – әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф. Олардың кездесуі 13 тамыз күні таңертең өтеді.

Америкалық теннисші турнирдің жартылай финалына ойын өткізбей-ақ шықты. Себебі оның қарсыласы, швейцариялық Белинда Бенчич жарақатына байланысты матчтан бас тартты.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін