Елена Рыбакина WTA тарихындағы ең мықты үш теннисші қатарына жатқызылды

Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA тарихындағы әлемнің экс-бірінші және қазіргі ракеткаларына қарсы өткізген матчтардағы жеңістерінің пайыздық үлесі бойынша үздік үштікке енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 12 тамызда Sports.kz басылымы хабарлағандай, OptaAce аналитикалық сервисінің статистикасы бойынша, WTA рейтингі пайда болған 1975 жылдан бастап Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы болған теннисшілермен өткен кездесулердегі жеңістерінің пайыздық үлесі бойынша үшінші орынды иеленді.

"Қазақстан өкілі мұндай 46 кездесудің 29-ында жеңіске жетті, бұл дегеніміз 63%-ды білдіреді", делінген хабарламада.

Бұл көрсеткіш бойынша Рыбакина тек америкалық Серена Уильямс пен польшалық теннисші Ига Швентекке ғана жол береді.

Аталған рейтингті жасау кезінде әлемдік рейтингтің көш басындағы қарсыластарына қарсы кемінде 25 матч өткізген теннисшілер есепке алынғаны нақтыланады.

Бұған дейін Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінде жапониялық Наоми Осаканы жеңіп, жартылай финалға жолдама алғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін