Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әлем біріншілігі аясында Қазақстан құрамасы командалық сайыста (техникалық бағдарлама) өнер көрсетті. Нәтижесінде отандастарымыз 250.0992 ұпай жинап сегізінші орынға тұрақтады.

Ресей құрамасы 290.1267 ұпаймен жеңіске жетті. Қытай спортшылары 283.0642 ұпай жинап, екінші орын алса, Испания құрамасы 273.0474 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бүгін, 13 тамызда Қазақстан құрамасы жұптық сайыста (техникалық бағдарлама) өнер көрсетеді.

Қазіргі таңда құраманың қоржынында бір медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола жүлдеге ие болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Автокөлік жеткілікті – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автонесие туралы

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады