Қазақстан баскетболдан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады

Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы топтық кезеңде соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшінші ойында ұлттық құрама Бахрейн командасымен кездесті. Ойын 101:78 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы үш кездесудің барлығында жеңіліп, С тобында төртінші орын алды. Нәтижесінде ұлттық құрама Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.

Бұған дейін қазақстандық баскетболшылар Қытайға 61:99, Филиппинге 78:109 есебімен жол берген еді.

Жарыс ережесіне сәйкес, ширек финалға үш топтың әрқайсысынан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалар арасындағы нәтижесі ең жоғары екі команда жолдама алады.

Қазақстан С тобында төртінші орын алғандықтан, баскетболдан Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған