"Барыстың" бұрынғы қорғаушысы мансабын "Юграда" жалғастырады

Сурет: hcbarys.kz
"Югра" хоккей клубы құрамын жаңа ойыншымен толықтырды. Сырт алаңдағы ойындар сериясы барысында командаға қорғаушы Илья Хохлов қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Хохлов ҚХЛ-дағы дебютін 2014/15 маусымында жасаған. Мансабында лигада 496 матч өткізіп, 127 ұпай жинаған: 37 шайба соғып, 90 нәтижелі пас берген.

Қорғаушы бұған дейін "Сочи", "Торпедо", "Барыс", "Сибирь", "Нефтехимик", "Металлург", "Авангард" және "Северсталь" командаларының намысын қорғаған.

Айта кетейік, Хохлов астаналық "Барыс" сапында бір маусым – 2024/2025 жылдары өнер көрсетті. Ол клубқа 2024 жылдың қазан айында ауысып, Құрлықтық хоккей лигасы аясында команда құрамында 55 матч өткізіп, жеті нәтижелі паспен көзге түсті.

Хохлов соңғы рет ВХЛ-да 2016/17 маусымында "Ижсталь" сапында ойнаған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған