2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстанға алғашқы жеңісті Арлан Жаңабай сыйлады

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, триатлоннан ерлер арасындағы жарыста қазақстандық спортшы Арлан Жаңабай қола жүлдегер атанды.

Ол жарыс жолын 53:11 уақытта бағындырды. Мәреге бірінші болып жапониялық Ходзё Такуми жетіп, ол 52:56 уақыт нәтижесін көрсетті. Екінші орынды қытайлық Чжан Сижуй иеленді - 53:05.

Қазақстанның тағы бір өкілі Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Осылайша, бұл қола медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жүлдесі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған